Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретке қара. Қысқа мәтін құра. Жазда балалар не істейді? Жыл мезгілінің ерекшеліктерін, қызықтарын естеріне түсіру. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 70
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ерте, ерте ертеде ...
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Білімділік міндеті: сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін танып, білуге үйрету, халық ауыз әдебиеті арқылы тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: байқампаздық , салыстыру, жақсы қасиеттерді түсініп, өз ойларын айтуды дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: қазақ ертегілеріндегі жағымды кейіпкерлерден үлгі алуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |