Сергіту сәті
Біз балалар бағында, Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен. Өткіземіз өмірді.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қарап, балабақша бөлмелері туралы әңгімеле. Өзіңнің балабақшаңда қандай бөлмелер бар?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Мынау қай бөлме?
Бөлмеде не бар?
Дидактикалық ойын: «Аудармашы». Балабақша бөлмелерінің қазақша атауын естеріне сақтау.
Кабинет казахского языка ... (қазақ тілі кабинеті) Музыкальный зал ... (музыка залы)
Кабинет врача ... (дәрігердің бөлмесі) т.б.
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
Сендерге қай тапсырмалар ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 3
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Біздің топ.
Мақсаты: топтағы заттардың атауын еске түсіру, жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. Білімділік міндеті: не? нелер? сұрақтарына дұрыс жауап беруге жаттықтыру, жаңылтпаш жаттау. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Дамытушылық міндеті: игерген сөздерін қолданып, шағын мәтіндер құрауға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: топтағы заттарды таза ұстауға дағдыландыру арқылы тазалыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |