Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 7
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты:ойыншықты меншіктеп айтуға, диалогке қатысуға үйрету.
Білімділік міндеті: ойыншықтарды сипаттау, сөздерді байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде
қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: ойыншықтар туралы шағын мәтіндер құрауды дамыту, сұраққа толық жауап беруді жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |