Жасайды: ойыншықтарды атап, қазақша дыбыстарды дұрыс айтады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді, жауап береді.
Қолданады: ойыншықтар туралы шағын мәтіндер құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ойыншықтар, қоржын
, суреттер, жұмыс дәптері, қима материалдар, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: менің ойыншықтарым – мои игрушки, жұмсақ ойыншықтар – мягкие игрушки, темір ойыншықтар – железные игрушки, резеңке ойыншықтар – резиновые игрушки, пластмасса ойыншықтар – пластмассовые игрушки.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері
Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз, Қандай жақсы бір тұру, Достарыммен бір жүру, Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, Сәуле мен Арман!
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман ойыншықтарға толы қоржынмен бірге келеді.
Қайырлы күн, балалар! Ойнауға шақырады.
Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?».
Балалар өткен тақырыптар бойынша сөздерді естеріне түсіріп, атайды.
Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |