Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәуленің қолыңда ойыншық ақ аю.
– Сәлеметсіздер ме?!
Педагог: Сәуле, қолыңдағы не?
Бұл – ақ аю, менің сүйікті ойыншығым. Аю әдемі, жұмсақ.
Сүйікті. Сү-йік-ті. Балалар айтып жаттығады.
Педагог: Балалар сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
Балалар өздерінің сүйікті ойыншықтарын атап, қысқаша сипаттайды (түсі, көлемі, неден жасалғаны).
Ойын «Кім жылдам?» .
Педагог екі балаға тапсырма береді, олар жылдам сол тапсырманы орындаулары керек.
Мысалы резеңке, кішкентай аю ойыншығын әкел. Үлкен, жұмсақ қоян ойыншығын әкел.
Сәуле балаларға сұрақ қояды: Ойыншықтармен қалай ойнау керек? Балалар өз ойларын айтады.
Педагог шағын мәтін құрайды. Біздің топта ойыншықтарымыз көп. Ойыншықтар ойын
бұрышында түрады. Ойыншықтарды жинау керек. Тап-таза ұстау керек. Оларды жуу керек. Ойыншықтарды сындырмай, лақтырмай ойнау керек.
бала мәтінді қайталайды.
Балалармен қайталау.
Қ-қ-ақ-лақ-тыр-ма – лақтырма.
Ы-ы-ын-сын-дыр-ма – сындырма Сөздік ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар аударады. Наши игрушки – біздің ойыншықтарымыз
Игровой уголок – ойын бұрышы Чистый – таза
Надо собирать – жинау керек Не ломать – сындырмау керек Надо мыть – жуу керек
Не бросать – лақтырмау.
Сергіту сәті. М.Әлімбаевтың ойыншықтар туралы өлеңін қимылмен айтады және жасайды.
Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды, Ақыл айтсақ, бұйырсақ. Қуыршақтар ұйықтайды, Айтқаныңнан шықпайды. Бұзау, қозы, құлыншақ
«Ұйықта», – десең, ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса, Осылары дұрыс па?
Тентектігін қоймаса,
Тұрғызармын бұрышқа.
Достарыңызбен бөлісу: |