Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қарап, сөйлем құра. Күзде қандай өзгерістер болады? Ата.
Балалар сөйлем құрайды. Суретте күз бейнеленген. Күзде жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды. Құстар ұшып кетеді.
Жаттап ал. Педагог тақпақты бірге жаттауды ұсынады.
Алтын, сары, қызыл көк – Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.
Қ.Шаңғытбаев
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Ойын: «Қолшатыр».
«Жаңбыр» деген сөзден кейін, балалар алақанын төмен қаратып ұстап тұрады. Балалар сұқ саусақтарын алақанның ішіне тигізіп тұрады. Педагог үшке дейін санап, алақанын жұмады, осы кезде балалар жылдам қолдарын алуға тырысады. Қай баланың қолын ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |