Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет77/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


Педагог балалардың назарларын табаққа аударады. Міне, күз сыйлығы (табақта көгөніс- муляждар).

  • Мынау нелер?

  • Мынау – көгөністер.

Өткен жылдан таныс көгөніс атауларын естеріне түсіруге көмектесіп, жаңа сөздермен таныстырады.

  • Мынау – қияр. Мынау – қызанақ. Мынау – пияз. Мынау – сәбіз.

  • Мынау – қызылша, қы-зыл-ша.

  • Мынау не?

  • Мынау – қызылша.

  • Қызылша күзде піседі.

  • Қызылша қай жыл мезгілінде піседі?

  • Қызылша күзде піседі.

  • Қызылша қызыл.

  • Қызылшаның түсі қандай?

  • Қызылша қызыл.

  • Қызылша дәмді, өте пайдалы.

  • Қызылша қандай?

  • Қызылша дәмді, өте пайдалы.

  • Мынау – орамжапырақ.

  • Мынау не?

  • Мынау – орамжапырақ.

  • Орамжапырақ күзде піседі.

  • Қызылша қай жыл мезгілінде піседі?

  • Орамжапырақ күзде піседі.

  • Орамжапырақ жасыл. Өте пайдалы.

  • Орамжапырақ қандай?

  • Орамжапырақ жасыл. Өте пайдалы.

  • Көгөністер бақшада өседі.

  • Көгөністер қайда өседі?

  • Көгөністер бақшада өседі.

Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.

    • Орамжапырақ, қияр, қызылша, қызанақ сөздеріндегі «қ» дыбысына көңіл бөлу. Балалар осы дыбысты дұрыс дыбыстап үйренеді, жаттығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет