Сергіту сәті
Бұлт қабағын түйіп ап, Бүркеп алды аспанды. Тырс-тырс тырсылдап, Жаңбыр жауа бастады. Күнге қолды созамыз, Күннен жылу аламыз.
Бойымызға таратып, Біз көңілді боламыз.
Сөздік ойын: «Мен қай жидекті көрсеттім?». Педагог себеттен жидектерді алып көрсетеді, балалар атын атайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Жидектерді тап және ата. Қызыл түспен белгіле.
Жұмбақты жаттап ал.
Жапырақты тасалап, Өскен жері – бау-бақша, Күрең қызыл, шіркін-ай,
Жидектің аты – ... (құлпынай) Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |