Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман себетпен көгөністер мен жемістер алып кіреді.
Балалармен «Кім жылдам?» ойынын ойнайды. Екі себетке көгөністер мен жемістерді бөліп салу, атап және сипаттау.
Негізгі кезең
Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?».
Ойынның мақсаты: зейін қойып тыңдауға, сөйлемді дұрыс құруға жаттықтыру. Ойынның шарты: сөйлемді тыңдап, қатесін түзету.
Алма, алмұрт, өрік – көгөніс.
Дұрыс емес, алма, алмұрт, өрік – жеміс. т.б
Дидактикалық ойын: «Күз сыйы». Себетте жемістер, көгөністер және жидектер бар. Педагог жемістер мен көгөністерді бір-бірлеп алып қайталау, жидектермен таныстырады.
Мынау қандай жеміс?
Ол – өрік. Өрік дәмді.
Мынау қандай көгөніс?
Ол – қияр. Қиярда пайдалы дәрумендер көп. т.б
Мынау – қарақат.
Мынау не?
Мынау – қарақат.
Қарақат дәмді, пайдалы.
Қарақат қандай?
Қарақат дәмді, пайдалы.
Қарақат кішкентай, түсі қара.
Қарақат қандай?
Қарақат кішкентай, түсі қара.
Мынау – құлпынай, қ-құ-ұ-л-пы-най.
Мынау не?
Мынау – құлпынай.
Құлпынай дәмді, пайдалы.
Құлпынай қандай?
Құлпынай дәмді, пайдалы.
Мынау – таңқурай.
Мынау не?
Мынау – таңқурай.
Таңқурай дәмді, пайдалы.
Таңқурай қандай?
Таңқурай дәмді, пайдалы.
Мыналар – жи-дек-тер. Жидектер дәмді, пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: |