Негізгі кезең.
Педагог: Балалар, қандай сыпайы сөздер білесіңдер? Қазір бәріміз жағдаят шешейік. 1-жағдаят:
Жанына екі баланы шығарып, екеуінің біреуіне ойыншық береді.
– Досыңның ойыншығын сұрау үшін, оған қандай сыпайы сөз айтасың?
Балалар жауап береді.
жағдаят: екі баланың біреуі екіншісіне ренжігені туралы.
Егер байқамай досыңды ренжітіп алсаң, оған не айтасың?
Мен кешірім сұраймын.
«Кешір» деген сөзді айтамын.
Дұрыс, сыпайы сөздерді жиі айтатын балаларды әдепті бала деп атайды.
Ойын: «Ғажайып сөздер»
Сәлеметсіз бе?
Өтінемін.
Рақмет, рақ-мет.
Кешіріңіз.
Балалар жаңа сөздерді қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ә- ә - ә - ә – ә – әәдеп-ті, әдепті. Ө -ө-ө-өөті- не-мін, өтінемін.
І-і-і - ке-ші-і-р-і-і-ң-ң-і-і-з, кешіріңіз Дидактикалық ойын: «Не деу керек?»
Тақпақтарды тыңдап, назар аударамыз. Қай жауабы дұрыс?
Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді.
Не деп айтып жеу керек?
«Рақмет, апа!» – деу керек. Балалар жүр көшеде,
Естілді шу-айғай.
Сен де шықтың досыңды, Қағып кеттің байқамай.
Достарыңызбен бөлісу: |