Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ұ-ұ-ұш- ұш-қыш – ұшқыш. Ә-ә-ә-дә-рі-і-і-гер – дәрігер.
Қ-қ-қ-ұ-ұ-құ-құр-ыл-ыс-шы – құрылысшы. Ғ-ғ-ғ-ғ- ға-ға-рыш-кер- ғарышкер.
Ойын: Кім не істейді?
Ұшқыш ұшады. Ғарышкер ұшады. Дәрігер емдейді. Құрылысшы үй салады. Сатушы сатады. Балалар сөйлемдерді қайталайды.
«Кім болып істейді?» сұрағымен таныстырады. Ата-аналарының кім болып істейтінін сұрайды.
Сенің әкең кім болып істейді? Сенің анаң кім болып істейді?
Балалар Менің есімдігін жауаптарында қолданады. Ата-аналарының мамандықтарын атайды.
Менің әкем құрылысшы болып істейді.
Менің анам дәрігер болып істейді. Жаңылтпашпен таныстыру.
Ұшқыш меңгергенді Дәрігер меңгере ала ма? Дәрігер меңгергенді Ұшқыш меңгере ала ма?
Жаңылтапшты қатты және ақырын әрі жылдам айтқызу.
Достарыңызбен бөлісу: |