№19
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жақсы өнеге.
Мақсаты: қазақ тіліндегі сыпайы сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Білімділік міндеті: сыпайылықты білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру,
артикуляциялық моторикасын жаттықтыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды және дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: балаларды сыпайылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сыпайы сөздер мен сөйлемдерді айтады.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды, сыпайы сөздер мен сөйлемдерді түсінеді.
Қолданады: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді, жай сөйлеммен жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жұмсақ ойыншықтар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: жақсы өнеге – хорошие манеры, әдепті – воспитанный, рақмет – спасибо, кешіріңіз – извините, өтінемін – пожалуйста.
Достарыңызбен бөлісу: |