Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет115/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


Ойын «Сұрақ-жауап»

      • Сен қай Республикада тұрасың? (Қазақстан Республикасында тұрамын.)

      • Қай қалада (ауылда) тұрасың? (Қаласының, ауылының атын айтады)

      • Қай көшеде тұрасың? (Өз көшелерін айтады).

      • Қандай үйде тұрасың? (Үлкен, кішкентай үйде тұрамын).

      • Үйдің нөмірі қандай?

Педагог екі баланы шақырып, ойыншық құрылыс материалы немесе LEGO-ны пайдаланып, бірқабатты немесе көпқабатты үй тұрғызуға тапсырма береді.

      • Мынау қандай үй?

      • Мынау – көпқабатты үй.

      • Мынау бірқабатты үй.

      • Кім көпқабатты үйде тұрады?

      • Сен нешінші қабатта тұрасың?

Бірнеше бала жауап береді.

      • Көпқабатты үйде пәтерлер бар.

Сурет бойынша жұмыс.

    • Мынау – пәтер. Мынау не?

    • Мынау – пәтер (жеке-жеке жауап береді).

    • Пәтерде (үйде) бөлмелер бар. Мынау – бөлме.

    • Сенің пәтеріңде (үйіңде) неше бөлме бар?

Бөлмелерді санайды.

Суреттер арқылы әр бөлме (балалар бөлмесі, дәліз, асүй ) қалай аталатынын айтады. Ондағы таныс заттарды естеріне түсірту.



    • Мынау – дәліз. Дә-ліз. Дәліз үлкен. Дәлізде шкаф тұр. Шкафта нелер болады? (Киім).

    • Мынау – балалар бөлмесі. Балалар бөлмесінде нелер бар? (Ойыншықтар, кітаптар).

    • Мынау қандай бөлме?

    • Мынау – асүй. Мынау – ...

    • Асүйде нелер бар? (Орындықтар, үстел, ыдыс ...)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет