Сергіту сәті
Дөңгелене тұрайық, Керегені құрайық. Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрайық.
Үлестірмелі суреттермен жұмыс «Кімде не бар?» суреттегі заттарды атап, көрсетеді. Менде кереует бар. т.с.с
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суреттерде қандай үйлер бейнеленген? Сен қай үйде тұрасың? Бөлмелерді ата. Бөлмелерде нелер бар?
Мысалы: Қонақ бөлме жарық, таза, әдемі. Қонақ бөлмеде әдемі кілем бар.
Қандай үйде тұрғың келеді? Суретін сал. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Тапсырмалар ұнады ма? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 21
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің бөлмем
Мақсаты: Шағын мәтін құруға жаттықтыру.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ретін сақтай отырып сөйлем құрауға жаттығуды жалғастыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру,
артикуляциялық моторикасын жаттықтыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды және дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: бөлмесін жинап жүруге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |