Нұрсеитова А. С. Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту



бет1/7
Дата27.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#103609
  1   2   3   4   5   6   7




Құрастырған
Нұрсеитова А.С.


Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту
әдіс құрал

Көкшетау 2021


Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту:
әдістемелік құрал/А.–30 бет.

Бұл әдістемелік балалардың ойын арқылы ұсақ қол моторикасын дамытуға және сал ауруына шалдыққан ерекше балаларға арналған ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар ұстаздың іс – тәжірибелерінен алынған.



Түсінік хат
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту жұмыстарын баланың сәбилік кезеңінен бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз. 
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, ынтасы артып, қабілеті дамиды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын үй жағдайында да әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады.
Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Әдістемелік құралда берілген материалдарды жапсыру, құрастыру, мүсіндеу, құрастыру түзету сабақтарында қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет