Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет166/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


Педагог: Бүгін біз ата мен әжеге қонаққа барамыз.

Киіз үйдің макеті, ұлттық киімдер (немесе суреттер) қолданылады.

Ата және әже қуыршақтары.Сәлемдеседі.

– Ата не киген? (Жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіреді).

Педагог ұлттық киімдер атауымен таныстырады ( ұлттық киімдер немесе суреттер). Балалар педагогтен кейін жеке, хормен қайталап, сөздерді есте сақтауға, дұрыс айтуға жаттығады.



– Мынау – шапан.

– Мынау не?

– Мынау – шапан.

  • Мынау – көк шапан.

  • Мынау қандай шапан?

  • Мынау – көк шапан.

– Ата шапан киді.

– Ата не киді?

– Ата шапан киді.

– Мынау – қалпақ.

– Мынау не?

– Мынау – қалпақ.

– Ата қалпақ киді.

– Ата не киді?

– Ата қалпақ киді.

– Мынау – бөрік.

– Мынау не?

– Мынау – бөрік.

– Мынау – тақия.

– Мынау не?

– Мынау – тақия.

– Мынау – қамзол.

– Мынау не?

– Мынау – қамзол.

– Әже қамзол киді.

– Әже не киді?

– Әже қамзол киді.

– Мынау – мәсі.

– Мынау не?

– Мынау – мәсі.

– Ата мәсі киеді.

– Ата не киеді?

– Ата мәсі киеді.

Жауапты жеке-жеке айтады.

– Шапан, қамзол, қалпақ, бөрік, тақия, мәсі – қазақ халқының ұлттық киімдері.

Сөздерді бекітуге арналған ойын: «Ата, көрсет, қайтала» (мультимедиа арқылы тексеру). Өткенді қайталауға, сөздерді бекітуге ойын «Менде, сенде...». Балалар алдарындағы суреттегі киімді атайды, көршісінде қандай киім екенін сұрайды. Мысалы: Менде шапан бар. Сенде не бар?

Балалар ата және әжемен коштасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет