Жаңа сөздермен таңыстыру.
Тазалық сақтауға сабын, жөке, сүлгі, тарақ қолданамыз.
Мынау – сабын.
Мынау не?
Мынау – сабын.
Сабынмен қолымызды тазалап жуамыз.
Сабынмен не істейміз?
Сабынмен қолымызды тазалап жуамыз.
Мынау – жөке.
Мынау не?
Мынау – жөке.
Жөкемен дене мүшелерімізді жуамыз.
Жөкемен не істейміз?
Жөкемен дене мүшелерімізді жуамыз.
Мынау – сүлгі.
Мынау не?
Мынау – сүлгі.
Сүлгімен денемізді сүртеміз.
Сүлгімен не істейміз?
Сүлгімен денемізді сүртеміз.
Мынау – тарақ.
Мынау не?
Мынау – тарақ.
Тарақпен шашымызды тараймыз.
Тарақпен не істейміз?
Тарақпен шашымызды тараймыз.
Балалар жаңа сөздерді, сөйлемдерді қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен қайталау).
Қ-қ-қ-та-за-лық-ты сүй-е-мі-із - тазалықты сүйеміз. Ү-ү-ү-ү- сү-үл-гі- сүлгі.
Тақпақ жаттау.
Сырттан келіп үнемі, Сабынмен қол жуамын. Сүлгімен сүртемін, Айнаға қараймын,
Шашымды тарақпен тараймын. Мен ұқыпты баламын.
Тақпақ мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі.
Тақпақ ұнады ма?
Таныс сөздерді ата. Олармен не істейді?
Достарыңызбен бөлісу: |