Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық.
Тағамдардың барлығы қадірлі, оларды ысырап етуге болмайтынын түсіндіріп, тыйым сөзді жаттату.
Нанды баспа, ақты төкпе. Қазақ халқы «ақ», – деп сүт, айран, қымыз, шұбатты айтқан. Нан, сүт және етті қайдан аламыз?
Азық-түлік дүкеннен аламыз.
Сюжеттік ойын: «Дүкен». Педагог – сатушы.
Сәлеметсіз бе!
Сәлеметсіз бе!
Нан беріңізші.
Қандай нан?
Ақ нан.
Міне, нан, алыңыз.
Рақмет. Сау болыңыз.
Балалар үлгі бойынша диалог құрайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Тағамдарды ата. Сұраққа жауап бер. Сен не жедің? Не іштің? Сөйлем құра.
Мен нан жедім. Мен дәмді шырын іштім.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |