Негізгі кезең
Педагог тақпақ оқиды.
Өзің пісірген ас дәмді
Дуылдасты балалар, Шуылдасты балалар, Өздерінше ойнайды, Өздерінше тойлайды. Шай әкелді біреуі,
Май әкелді біреуі, Сүт әкелді біреуі, Ет әкелді біреуі. Бірі күріш әкелді, Бірі бұрыш әкелді, Бірі алма әкелді, Бірі нан да әкелді.
Бірі сүртіп табақты Бірі құйды тамақты. Дөңгелене отырып,
Тостағанды толтырып, Палауларын жеді де,
«Қандай тәтті», – деді олар.
Қ. Мырза Әли
Оқылған тақпақ мазмұны бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгіме өткізу.
– Тақпақ не туралы? Балалар не әкелді? Қандай тағам дайындалды?
Балалар сұрақтарға жауап береді, тағамдарды атайды. Педагог тапсырма береді.
– Оля, сүт әкел.
– Дима, ет әкел. т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |