Жасайды: тағам атауларын біледі, сөздерді анық дұрыс айтады, диалог құрастырады.
Түсінеді: тақпақтағы сөздерді түсінеді.
Қолданады: сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, суреттер, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: асхана – столовая, аспаз – повар, пісіреді – варит, күріш – рис, палау – плов, көже – суп.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Азық-түлік» тақырыпты қайталау. Балалармен әңгіме құрайды. Бүгін таңғы асқа не жедің?
Сәуле: Мен ботқа жедім, шырын іштім. Арман: Мен жұмыртқа жедім, шырын іштім.
Балалар үлгі бойынша сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |