Жасайды: жаңа сөздерін қайталайды, сөйлемдер құрастырады.
Түсінеді: әр ұлттың ұлттық тағамдары болатынын түсінеді.
Қолданады: тағамдар ішінен ұлттық тағамдарды айыра біледі, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қоржын, суреттер, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: бауырсақ – бауырсақ, құрт – курт, қымыз – кумыс, шұбат – шубат.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Асханада» тақырыпты қайталау. Суреттермен жұмыс. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды, сөйлем құрастырады. Асханада аспаз жұмыс істейді. Аспаз тамақ пісіреді.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |