Үнтаспадан жануарлардың дауыстары естіледі.
Мәтін оқу. «Адам жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысықты күтіп-баптап өсіреді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқы –
көлік, оны арба мен шанаға жегеді. Жылқының сүтін ашытып, қымыз жасайды. Қымыз – сусын. Сиыр, қой, түйе, ешкінің сүті мен еті – тамақ. Қой, түйе, ешкі жүнінен киім және тағы да басқа тұрмыстық заттар жасалады».
Мәтінде қандай таныс сөздер бар?
Қой, түйе, сиыр, ешкі, жылқы.
Үй жануарларының пайдасы қандай?
Үй жануарларының еті мен сүті бізге тамақ болады. Жүнінен киім т.б. заттар жасалады.
Адамдар үй жануарларын қалай күтеді?
Адамдар қойға, түйеге, сиырға, ешкіге, жылқыға шөп, су береді.
Достарыңызбен бөлісу: |