Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық, Бойымызды жазайық, Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суреттерге қара. Ата. Олар не істейді? Сөйлем құра.
Жануарларды ата. Олар қайда тұрады? Сызықпен қос. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Қандай тапсырма ең қызықты? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 52
Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көктем.
Мақсаты: көктем мезгіліне байланысты сөздерді қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: жыл мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айта алу, суреттер туралы шағын мәтіндер құрастыруды дағдыландыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғаттың әдемілігін көре білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |