Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет231/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


Жаңылтпашпен таныстыру. Мағынасын түсіндіру.

Құс қайтты, қыс келді, Қыс қайтты, құс келді.

Балалар жай, жылдам қайталайды.

Суреттермен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.



– Көктемде құстар келеді.

– Көктемде не келеді?

– Көктемде құстар келеді.

  • Мынау – қараторғай.

  • Мынау не?

  • Мынау – қараторғай. (Жеке, хормен айтып жаттығады).

– Көктемде қараторғай келеді.

– Көктемде қандай құс келеді?

– Көктемде қараторғай келеді.

– Мынау – қарлығаш.

– Мынау не?

– Мынау – ... (қарлығаш). Балалар «қарлығаш» сөзін айтып жаттығады, естеріне сақтайды.

– Көктемде қарлығаш ұшып келеді.

– Көктемде ... (қарлығаш) ұшып келеді.

    • Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді.

    • Көктемде келетін құстарды қалай атайды?

    • Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді.

Педагог шағын мәтінді оқиды. Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді. Жыл құстары: қарлығаш, қараторғай. Құстар – адамға дос. Оларға біз де қамқор болуымыз керек.

Балалар қайталайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет