Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Үй және жабайы жануарлар» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. Ойын
«Кім көп біледі». Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Слайдпен жұмыс.Суретте көктем мезгілі бейнеленген. Жаңа сөздермен таңыстыру.
– Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
– Жыл мезгілі – көктем.
– Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
– Көктем айларын ата?
– Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
– Көктемде күн жылынады. Жылы, жы-лы-на-ды. Күн жылынады.
– Көктемде күн қайтеді?
– Көктемде күн жылынады.
– Көктемде қар ериді. Қар ... (ериді)
– Қар қай жыл мезгілінде ериді?
– Көктемде қар ериді.
– Көктемде құстар ұшып келеді.
– Құстар қай жыл мезгілінде ұшып келеді?
– Көктемде құстар ұшып келеді.
– Мынау не?
– Мынау – ағаш.
– Ағашта қандай өзгеріс байқалады? Мынау не?
– Мынау – бүршік.
– Ағашта бүршік. Ағашта не?
– Ағашта бүршік.
Жаңа сөздерді, сөйлемдерді балалар жеке, хормен және педагогпен бірге түрлі дауыс ырғағымен қайталайды.
Дыбыстық жаттығу. (Айнамен орындалады). Ү-ү-ү- бүршік – бүүүршік – бүршік.
Ө-ө-ө- көктем – көөөктем – көктем.
Тақпақ оқу, таныс сөздерді тапқызу.
Достарыңызбен бөлісу: |