Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретте нелер бейнеленген? Ата. Құстар не істейді? Сөйлем құра. Сөйлем үлгісі: Құстар ұшады.
Құстарды ата. Сана. Жекеше, көпше түрде ата. Үш қараторғайлар, төрт қаздар, бес қарлығаштар.
Қараторғай – қараторғайлар, қаз – қаздар, қарлығаш – қарлығаштар. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Сабақта не қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 55
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты: ұлттық мерекеге байланысты сөздерді қазақша айту және оларды түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, өткенді еске түсіру. Сөздерді сөйлемдерге байланыстырып құрауды дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұлттық салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |