Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ө-ө-ө-ө- көк- көк- көк- көктем Ө-ө-ө-ө-шөп-шөп-шөп Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, дұрыс емес пе?». Сөйлем дұрыс болса, «иә» деп жауап беріп сөйлемді қайталайды. Сөйлем құрлымы қате болса, сөйлемді дұрыстап айтады.
Көктемде гүл өседі.
Көктемде көгөніс піседі.
Көктемде отырғызады ағаш. т.с.с.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қара. Көктемде қандай жұмыс істейді? Сөйлем құра.
Атауында «Ө» дыбысы бар суретті қорша.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 54
Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көктем келді, құс келді.
Мақсаты: жыл құстардың қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: жыл құстарды танып дұрыс атау, жаңылтпаштарды айтуға үйрету.
Қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды
дағдыландыру. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық міндеті: «Ұ» дыбысын дұрыс айтып, ажыратуға жаттықтыруды жалғастыру. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрастыруды дамыту.
Тәрбиелік міндеті: құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |