Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет245/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


Педагог балаларға мектеп жайлы және балалардың жақында мектеп табалдырығын аттайтындарын айтып, әңгіме жүргізеді. Мектепте балаларды оқытатын адамды мұғалім деп айтатынын айтады. Мектеп туралы бейнематериалды көрсетеді.

Жаңа сөздермен таңыстыру.


    • Балалар мектепке келді.

    • Балалар қайда келді?

    • Балалар мектепке келді.

    • Мынау – мектеп. Мек-теп. Мынау не?

    • Мынау – мектеп.

    • Мектепте оқиды, білім алады. Мектепте не істейді?

    • Мектепте оқиды, білім алады.

    • Мынау – оқушы. Мынау кім?

    • Мынау – оқушы.

    • Мынау – оқушылар. Мынау кімдер?

    • Мынау – оқушылар.

    • Мынау – мұғалім. Мынау кім?

    • Мұғалім.

    • Мынау – сынып. Сы-нып.

    • Мынау не?

    • Мынау – сынып.

Мектепте сынып бар.

    • Мектепте не бар?

    • Мектепте сынып бар.

Сөздерді, сөйлемдерді жеке-жеке, хормен қайталап, дұрыс айтып жаттығады.

Мектепте сыныптар бар. Мектепте нелер бар?

Мектепте сыныптар бар. Сыныпта орындықтар бар.

Сыныпта нелер бар? (Үстел, тақта, терезе сөздерін жекеше, көпше айтады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет