Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет242/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


Педагог балалардан білетін түстерін сұрау. Балалар түстерді атайды. Қима материалмен жұмыс.

– Мынау – жапырақтар. Мынау жапырақтың түсі қандай?

– Жапырақтың түсі сары.

– Мынау жапырақтың түсі қандай?

– Жапырақтың түсі жасыл.

– Алманың түсі қандай?

– Алманың түсі қызыл.

– Мынау қарындаштың түсі қандай?

– Көк түсті.



– Топта қандай заттардың түсі көк? (Балалар атайды).

Жаңа сөздермен таныстыру.


Сәуле түрлі түсті қарындаштарды көрсетіп, түстерді атайды.

  • Мынау – қоңыр түс, қо-ңыр.

  • Қандай түс?

  • Қоңыр түс.

  • Мынау – қара түс, қара.

  • Қандай түс?

  • Қара түс.

  • Мынау – күлгін түс, күлгін.

  • Қандай түс?

  • Күлгін түс.

  • Мынау – көгілдір түс, кө-гіл-дір.

  • Қандай түс?

  • Көгілдір түс.

  • Мынау – қызғылт түс, қызғылт.

  • Қандай түс?

Қызғылт түс

Балалар сөздерді және сөйлемдерді қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады). Ң- ң- ң –қо-ңыр.

Қ –қ- қ- қара. Ү -ү -ү – күлгін

Ө -ө -ө –кө-гіл-дір.

Ғ- ғ-ғ- ғылт – қызғылт.

Ойын: «Осындай түсті затты тап».

Педагог топтан қоңыр, күлгін, көгілдір, қызғылт және қара түсті заттарды табуды сұрайды. Балалар заттарды тауып, олардың түстерін атайды, сөйлем құрайды. Мысалы: Мынау – аю. Оның түсі қоңыр. Мынау – текше. Оның түсі күлгін.

Сергіту сәті: (сергіту массажы, бір-бірінің арқасына, сұқ саусақтарының көмегімен сурет салады).

Кемпірқосақ түстері Жаңбырдан соң тамаша! Күнмен бірге шағылысып, Шуақтары алуан-алуан.

Қызыл – қызғылт, сары – сарғыш, Көк – көгілдір, жасылы бар.

Көз тоймайды қараса!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет