Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоялық. Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Алға бір адым,
Артқа бір адым. Жоғары, төмен қарайық Орнымызды табайық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Кімге не керек? Суреттерді сәйкестендір. Сөйлем құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Ойын ұнады ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№63
Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Жайлауда
Мақсаты: тақырып бойынша жаңа сөздермен тіл байлығын жетілдіру.
Білімділік міндеті: жайлау туралы түсінік беру, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.Тақпақ жаттау үйрету. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: сөздерді біріктіріп сөйлем құрау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық,
дұрыс айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: туған жердің табиғатының сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |