Көгөністі көп ектік,
«Өссін, піссін», – деп ектік. Көктемде еккен көгөніс, Күзде берді көп өнім.
Педагог тақпақты оқиды, мазмұнын түсіндіреді, балалармен жаттайды.
Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?» себетке көгөністерді жинайды, атайды, сипаттайды.
«Жеміс-көгөніс дүкені» демонстрациялық материалдармен жұмыс. Балалар суретке қарап, дүкенде қандай көгөніс сатылатынын атайды. Педагог алдымен өзі айтады: Дүкенде қияр бар. Дүкенде қызанақ бар.
«Дүкен» ойыны. Қима материалдармен жұмыс. Көгөністердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау.
Санамақпен сатушыны таңдайды. Балалар дүкенге келеді. Диалог:
Сәлеметсіз бе!
Сәлеметсіз бе!
Маған қияр беріңізші.
Алыңыз.
Рақмет. Сау болыңыз.
Ойынды күрделендіруге болады. Балалар көгөністі сипаттайды. Сатушы оның қандай көгөніс екенін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |