Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Көгөністерді тап. Ата. Олар қайда өседі? Өзіңе ұнаған көгөністі сипатта.
Жаңылтпашты жаттап ал.
Бақшада көп көгөніс,
Бақтарда да көп жеміс.
Өседі, піседі
Көп жеміс пен көгөніс.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгін біз не істедік? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№10
Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жемістер
Мақсаты: күнделікті жиі қолданылатын жемістердің атын білуге үйрету.
Білімділік міндеті: жаңылтпашты жылдам әрі жатқа айта білуге үйрету. Қазақ тіліндегі
сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрауға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |