Жасайды: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрайды, жаңылтпашты қайталайды. Диалогке қатысады.
Түсінеді: сөздер мен сөйлемдерді түсінеді.
Қолданады: жемістердің атауларын қолданады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қоржын , жемістер мен көгөністер муляждары, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Ғажайып сәт. Қуыршақтар Сәуле мен Арман қоржынмен көгөністер мен жемістер алып кіреді.
Қайырлы таң, балалар! Бүгін сендермен ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Көгөністер мен жемістер». Қоржындағы көгөністерді бөліп алады, қайталап, сипаттайды (көлемін, түсін). Білетін жемістерді атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.