Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Қ- қ-қ- қа-ра-қ-қат.
Ұ-ұ-ұ- құ-ұ-л-пы-най
Ң-ң-ң-таң-ң-қу-рай.
«Дүкен» ойыны. Балалармен қима материалдарды қолданып, сұрақ-жауап әдісі арқылы диалог құру. Жидектер, жемістер, көгөністердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау. Санамақпен сатушыны таңдайды.
Бала дүкенге келеді.
Сәлеметсіз бе!
Сәлеметсіз бе!
Маған қияр қарақат беріңізші.
Алыңыз.
Рақмет. Сау болыңыз.
Ойынды күрделендіруге болады. Бала көгөністі, жемісті, жидекті сипаттайды. Сатушы оның қандай көгөніс, жеміс, жидек екенін табады.
Ойын жаттығуы: «Бір сөзбен айт»
Таңқурай, қарақат, құлпынай бір сөзбен қалай аталады?
Жидектер.
Алма, өрік, құрма бір сөзбен қалай аталады?
Жемістер.
Қияр, қызанақ, сәбіз, пияз бір сөзбен қалай аталады?
Көгөністер.
Достарыңызбен бөлісу: |