40
Оған ащы сөз айтпай-ақ қой.
13-жаттығу. Сөйлемдерден метафора арқылы жасалған сөздерді теріп
жазыңыздар.
Ауылдың үлкендері көрсе жібермейді. Өзеннің бір сыдырғы сыбырынан
басқа, дүниедегі ұйқы тыныштығын бұзған ешбір естілген дыбыс жоқ.
Жүргіншіні шаршатқандай болып, құстардың қылғынып айтып қалған сұңқылы
естіледі. Көшкенде ерімнің қаралы ер-тұрманы осыған ерттелсін, тұлдаған
киімдерді осы жануарға жабылсын! – деді.
14-жаттығу. Берілген өлең үзіндісінен метафоралы сөзді тауып,
мағынасын түсіндіріңіздер.
Сондықтан не сөйлейді домбыра деп,
Ешқашан айтқан емес тыңдаған көп.
Құлақпен күйінеді, сүйінеді.
Тек қана күйші толғап, тыңдар дүрмек.
15-жаттығу. Берілген сөйлемдерден метонимиялық мағынада тұрған
сөздерді табыңыздар, мағынасына түсінік беріңіздер.
Түс ауа Алматыдан шыға Жамбыл қайдасың деп тартып кеттік. Топта
отырғандардың көбі қатқан тондар, жалба жеңдер, арық пішіндер. Жеңгемнің
қолын сағынып жүрмін. Кимешектер кітап оқып, тымақтар мылтық алды.
Шекпен жауға аттанып, ел шаттанды.
Достарыңызбен бөлісу: