2-жаттығу. 1. Мәтіннен жалпы түркілік ортақ мәні бар сөздерді
анықтаңыздар.
ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде балдай татып,
судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты
қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз, «келіннің аяғынан, қамшының
таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы
беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жаман – жақсы
қасиеттерімен өлшеген.
Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел
болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген
жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен келінге енелері қонақ күту,
т.б. мәселелерде үнемі ақыл-кеңес беріп үйретіп отырады.
«Келіннің жақсы болмағы қайын ененің топырағынан» деп, ененің жас
келінге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да «Жақсы ауылға келген
келін – келін, жаман ауылға келген келін - келсап» деп текке айтпайды.
Әйел қандай биік дәрежелі жұмыс істемесін, қайда болмасын оның ең
басты міндеті – өмірге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының
беріктігі әйелге байланысты. Әйел сабырлығы, кешірімділігі, сыпайылығымен,
тағы сол сияқты қасиеттерімен үй ішіне береке әкеп, шаңырақ бақытын орната
алады.
Әрине, үлкеннің үлкендігі, кішінің кішілігі болуға тиіс. Үлкен адам өз
балаларына жамандық ойламайды, тек кейде олар ақыл түрінде, жұмсақ айтса,
кейде ашуланып қатты айтуы мүмкін. Жастар кішілік жасап, үлкеннің ондай
ашуын көтеруге тиіс. Үлкенді сыйлау – біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол
69
дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға,
үлкенмен сөз жарыстырмауға, тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс.
Осындай ата дәстүрімізді бүгінгі жастар жадында сақтап, жалғастыра білуі
қажет.
/Қазақ халқының салт-дәстүрлері/. 2. Сөздік құрам мен негізгі сөздік қордың айырмашылығы қандай?
3. «Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел
болуы», біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген
жеріне де байланысты деп қарайды. Жоғарыдағы сөйлемдегі сөздердің
лексикалық мағынасына талдау жасаңыз.