Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Абдыра – киім-кешек салатын, сәнді жасалынған, үлкен қақпақты қорап  ыдыс.  Жастық ағаш



Pdf көрінісі
бет54/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Абдыра – киім-кешек салатын, сәнді жасалынған, үлкен қақпақты қорап 
ыдыс. 
Жастық ағаш – ені басы қайқы, ағаш төсегінің ең алғаш пайда болған 
бөлшегі. Оны қайың, қарағай, үйеңкіден жаңқалап, қашап, қиюластырып 
жасайды. 
Төсек ағаштың беті жастық ағаш сияқты ою-өрнектермен әшекейленеді. 
Төсекті сүйекпен әшекейлеу үшін жылқының, түйенің жауырын және қабырға 
сүйектерін пайдаланған сүйекті майынан тазартып, оны жұмсарту үшін суға 
салып, әбден қайнатып, сонан кейін іске жаратқан. 
2. Көнерген сөздер дегеніміз не? Олардың түрлері қандай?
3. Ағаш, аяқ, шөміш сөздерінің синонимін табыңыз. 
6-жаттығу. 1. Сөз тудырудың тәсілдеріне қарай сөздерді топтап 
жазыңыз. 
Белдік, шегеле, өнім, басқұр, кәрі жілік, боз торғай, тамыр, алыс-жақын, 
шекара, ай, той, әнші, таулы, қарлы, қаша, қара, торғай, қас-қабақ, әркім, 
отағасы, ауыл-аймақ, тең, бастау, бастама, тақтайла, бас, құс, кіріс, сөгіс, сауық-
сайран, асық жілік, бірқазан, бозбала, айтыс, болыс, сыр, өндірістік, достық, 
білім, ащы-тұщы, зейнетақы, алыс-беріс, жаз. 
2. Сөз тудырудың синтаксистік тәсілі туралы не білесіз? Синтаксистік тәсіл 
арқылы қандай сөздер жасалады? 
3. Жан-жануар, аң, жәндік атауларына қандай сөздер жатады? 
7-жаттығу. 1. Абай аудармаларынан қазақ тіліне араб тілінен енген 
сөздерді табыңыз. Абай бұл өлеңдерді орыстың қандай ақындарынан аударған? 
1. Мінеки, келіп қалдық атар таңға, 
Жарқырап күн де шығар тірі жанға, 
Табытқа салып алып әлде мені 
Апарар сырын бермес бір даланға.
/Ленский сөзінен/.
 
2. Тәубе жоқ, дұға да жоқ тентек бойда, 
Өлең жоқ айтып жүрген талай тойда, 
Қан ағып, қайрат қылған майдан менен 
Айыр қылыш, дулыға бірақ ойда. 
/Тұтқындағы батыр/. 
 


73 
3. Басқа әуре боп келдің бе тағы мұнда 
Хүкімені жолдар мәз боп отыр ма онда? 
Антұрғандық қылығын алла ісі деп, 
Нандырар қандай сопы, қандай молда? 
/ Басқа әуре боп келдің бе тағы мұнда/. 
 
4. Босағасы кең еді, төрде орын тар, 
Төрде жалғыз отырмақ ойында бар. 
Жалғыздық бір тәңірінің сыбағасы 
Өршілдікпен лағиетке болған душар. 
/Шайтан/. 
 
1. Неологизмдер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңіз. 
2. Тәуба, хүкімші, тәңір сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет