47
1.
Жан – көшеде жан жоқ, жан тәнімен, пеште от жанып жатты;
2.
Айт – мен оған айттым, мен ойнап айттым, айт келді;
3.
Кір – кір көйлек, көңілге кір түсу, кір жуу,
кір заттар, үйге кіру, құлағына
кірмеу, өңі кіру, кірме жолдар;
4.
Тоқ – ол тоқ адам, тоқ ат, тоқ жүргізу;
5.
Қап – қап, кешігіп қалдым, ит қапты, ілінген қапта тұр;
6.
Жүз – жүзді жүзге көбейту, жүзі таныс адам, жер жүзі, пышақтың жүзі, ол
суда жақсы жүзеді.
Төле биге алтыбас Метей мен жанқожа Шындәулет
екеуі жас кезінде бата
алуға барыпты. Бұлар Төлеге сәлем бере кіргенде үйге бір түлкіге таласқан екі
кісі қоса келіп кіреді. Әлгі екеуі Төлеге билікке жүгінеді. Бірі «өзімнің көптен
бері бағып жүрген түлкім еді» десе, екіншісі «өзім індетіп қазып алған түлкім
еді», - дейді.
Төле кідіріп, ойланып қалады да сәлден кейін Метей мен Шындәулетке
қарап «Аталарымыз» Бітер істің басына, жақсы келер қасына» – деуші еді, «осы
даудың билігін сендер айтыңдаршы», - дейді. Сонда Метей кенжелей береді де,
Шындәулет өзіне тән ашық дауыспен аш бүркіттей саңқ етіп.
- Әйел үй сақтайды,
Еркек түз сақтайды, - деген.
Түлкі ұрғашы болса іншінің, еркек болса ізшінің несібесі болсын депті. Бұл
билікке Төле би де, түлкіге таласушы екеуі де риза болды. Даушылар кеткен
соң, Төле би екі жастан «Сендер қай ұлсыңдар?» - деп сұрайды да, -
Тоқтаңдаршы, күн батыстан Шындәулет, Метей деген екі екі баланың дыбысы
құлағыма ызыңдап жетуші еді, сендер солардың қай жағынан болар екенсіңдер?
– дейді.
- Сол айтқан екі балаңыз біз боламыз, - дейді екі жас.
- Ой, дүние-ай, - дейді Төле басын шайқап, жас кезде адам не істемейді.
Ілгеріде алшын Әйтеке би екеуіміз қаракесек Қаз дауысты Қазыбекті сынамақ
болып, бір елге өтірік таласып, оның алдында жүгініске бардық. Ер иесі Әйтеке,
дауласушы мен болдым. «Қапталың – қайың, қасың – тал,
Қазыбек қосқан
ерімсің» - деп дауысымды айта бастағанымда «жүгіністе кімге тиерсің» - деп
Әйтеке би
іліп әкетіп, өз уәжін айтты. Мен де ердің өзімдікі екенін дәлелдеп,
ерден айырылмайтынымды, керек болса жан беруге дейін баратынымды айтып,
қасарып бақтым. Сонда Қазыбек маған қарап:
Сен Қараның ұлы Төлесің,
Адам болайын деп жүрген немесің.
Қу ағаш үшін жан берме,
Жан берсең күніңнен бұрын өлесің.
2. Туынды омоним дегеніміз не?
3. Жартылай омонимге бірнеше мысал келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: