41
19-жаттығу. Сөйлемдерден метонимия арқылы жасалған, сөздерді теріп
жазыңыздар.
Қара тікке Байдалы халық атынан Бөжейдей арысына ас береді деген
ырымын жасады. Тағы жоқ... тағы көнер, тас қараңғы, Торлады жан-жағынан
тас қамалды. Күйлерде дауыл да бар, жауын да бар, дауылдың дләу перісі –
дауылпазы.
20-жаттығу. Берілген сөздерді синекдохалық мағынада қолданып, сөз
тіркестерін және сөйлем құрастырыңыздар.
Бас, жан, сақал, көмей, ми, қол, құлақ, мұрын, қабақ, ауыз, түс, бет, жүз,
жүрек, мұрт, аяқ, білек, қарын.
21-жаттығу. Сөйлемдерден ауыс мағынада тұрған сөздерді табыңыздар.
Мағынасына түсінік беріңіздер.
Жыласуға көз жақсы, сыйласуға жат жақсы. Сене қалған жалғыз көз. Енді
барлық көз маған қадалды. Айттым сәлем, Қаламқас, саған құрбан мал мен бас.
22-жаттығу. Төмендегі сөздер қандай мағыналарда қолданылып тұр?
Шеге қақты, таңдайын қақты, шаңын қақты, киім қақты;
Жеңіл сөз, жеңіл мінез, жеңіл жара, жеңіл міндет;
Қисық ағаш, қисық қарау, қисық мінез, қисық бет;
Суық сөз, суық су, суық хабар, суық леп, түсі суық, көңілі суу.
23-жаттығу. Берілген мысалдардан синекдоханы табыңыздар.
Тауда туған баланың
Екі көзі таста болар.
Ашаршылықта туған баланың
Екі көзі аста болар.
Жүрген аяққа жөргем ілігер.
Жаңылмас жау болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
Жемді мекен қылмадың,
Желінен елді көшірдің.
Достарыңызбен бөлісу: