Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет50/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Бақылау сұрақтары: 
1 Сөздік құрам және оның дамуына тоқталыңыз. 
2 Тілдің сөздік құрамының стилистикалық қабаттары қандай? 
3 Кірме сөздер деген не? 
 
1-жаттығу. 1. Мәтіндегі сөздердің лексикалық құрамын ажыратыңыздар, 
олардың ішінен зат есімге жататын сөздердің қандай мағынаны білдіретінін 
анықтаңыздар. 
 
АТА КӨРГЕН ОҚ ЖАНАР 
Ата-бабамыз ұл баланы еңбек сүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, 
аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің 
бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген, Ер 
баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу 
мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі 
тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. 
Әсіресе, әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан 
тәсілдерін үйретіп баққан. 
Қой қырқу, қой тоғыту, мал сою, түйе қалдау, түйеге жүк арту, ер-тұрман 
әзірлеу, қайыс илеу, сіреден таспа тіліп, айыл, қамшы, жүген шідер өру, қой 
қосақтау, түйе матау, кесек құйып, қора салу, құрық салып, асау ұстау, оны 
үйрету, қазақ үйді жығу, оны тігу – міне, осының бәрі де ер баланы жастайынан 
еңбекке тәрбиелеудің өзегі болған. 
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй 
шерткізу, өлең-жыр жаттау, жаңылтпаш, жұмбақ, үйрету немесе теңге алу, 
жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету 
тәрбиенің басты шарты болған. 
Отбасындағы ұл тәрбиесіне әке мен аталардың орны ерекше. Әке 
үйелменнің басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез 
құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы 
үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. 
Ата өнерін бала қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ 
халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық, күйшілік, емшілік 
өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. 
Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер 
айтып беріп, тапқырлыққа тәрбиелеген. 


68 
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе 
қарттары араласқан. 
Ән айтуға, күй шертуге бейімі бар балаларды ел ішіндегі аты шыққан 
әнші, күйшілердің жанына қосып, шәкірттікке беруі ата дәстүрі болып 
саналған. Ал шәкірттің ұстазын ұлы әкесіндей сыйлауы, оның өнерін 
жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының жанында жүріп, өнегелі шешен, 
ақын билердің көпті көрген қриялардың батасын алу олар үшін парыз боп 
есептелеген. 
Өнегелі, өнерлі, «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысқор азамат тәрбиелеу 
аталар арманы болған. Ал ата жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін жалғастыру 
жастарға да үлкен сын болып саналған. «Ата көрген оқ жанар» деген мақал 
соны мезгейді. 
/Қазақ халқының салт-дәстүрлері/. 
 
2. Сөздік құрам мен негізгі сөздік қор дегендерді қалай түсінесіз? 
3. Туыстық атауларды білдіретін сөздерге мысал келтіріңіздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет