Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет52/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
3-жаттығу. 1. Мәтіннен кәсіпке қатысты сөздерді табыңыздар.
АТА КӘСІП 
 
Ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда: «Мал – жан аман ба?» деп 
сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше 
екенін ұғуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, еті, терісі – халықтың тамағы, 
киімі, баспанасы, үй жиһазы – өмірінің, тіршілігінің негізі. Малдың етін 
айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан 
жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдына елестету мүмкін 
емес. Малшылық – адамзаттың байырғы дәуірден бері бірге жасасып келе 
жатқан кәсібі. Ол қоғамның әлеуметтік дамуына зор әсер етті, жаңа қарым-
қатынастар, мәдениет, өркениет, өнер, қолөнер, ой-сананың қалыптасуына 
әкелді. 
Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Егіншілікпен де 
айналысты, бірақ оны кең көлемде дамыта алмады. Балық аулау да, аңшылық та 
қазақта бар кәсіп, бірақ олар негізгі тіршілік амалына айналмаған-ды. 
Қазақ өзінің малын, қой-ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке бөледі. 
Көшпелі мал шаруашылығы ыңғайына, жыл мезгілінің төрт кезеңіне 
байланысты: қыстау, көктеу, жайлау, күзеу деп бөлінеді. 
/Қазақ халқының салт-дәстүрлері/. 
 
2. Малға қатысты атауларды жасына қарай кестелік тізбекпен жазып 
көрсетіңіздер. 
3. Морфологиялық тәсілдің сөздік құрамды байытуға орны қандай? 
Мысалдармен дәлелдеңіз. 
4-жаттығу. 1. Абай өлеңдерінен қазақ тіліне араб тілінен ауысқан 
сөздерді анықтаңыз. Олардың қай кезеңде қандай жолмен енгенін, қандай 
тұлғалық өзгеріске түскенін көрсетіңіз. 
1. Қансонарда бүркітші шығады аңға, 


70 
Тастан түлкі табылар аңдығанға 
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет. 
Ыңғайлы, ықшам киім аңшы адамға. 
 
/Қансонарда бүркітші шығады аңға/. 
 
2. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім. 
Ер жеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрұм қалмағыма кім кінәлі, 
Қолымды деп сермесем өстер ме едім? 
 
/Жасымда ғылым бар деп ескермедім/. 
 
3. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат. 
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, 
Біріңнің – бірің тыңда сөзін тосып, 
Біріңді – бірің ғиззәт құрмет етіс, 
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып. 
 
/Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат/. 
 
 
4. Емтихансыз, михнатсыз 
Табылмас, ғылым сарасы. 
Аз білгенін көпсінсе, 
Көп қазаққа епсінсе, 
Кімге тиер панасы. 
/Интернатта оқып жүр/. 
 
2. Сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі қалай жасалады? Мысал 
келтіріңіз. 
3. Араб тілінен енген сөздердің синонимін табыңыздар. 
5-жаттығу. 1. Төмендегі Абай шығармаларынан қазақ тіліне парсы 
тілінен енген сөздерді анықтаңыздар. Олардың бүгінгі тұрмысымызда қолдану 
– қолданылмауына назар аударыңыздар. 
1. Бар ойы – өлең айтып, ән салайық, 
Біреуді қалжың қылып, қолға алалық. 
Қызды ауылға қырындап, үйір болса, 


71 
Көңіліне зор қуаныш бір бадалық. 
/Бір дәурен келді күнге - бозбалалық/. 
 
2. Тіл буынсыз, бой – таза гүл, 
Ақылы артық, ары зор, 
Ол перизат, ойла, өзің біл, 
Не болады, болса қор. 
/Онегиннің Татьянаға жауабы/. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет