Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Сөздердің  типтері  мен  варианттары



Pdf көрінісі
бет28/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95
Сөздердің  типтері  мен  варианттары.  Тілдегі  сөздер  білдіретін 
мағынасы мен сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай әлденеше топқа сала-сала 
болып бөлінеді. Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық белгілеріне қарай 
атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер болып ең алдымен үш топқа 
бөлінсе,  бұл  топтың  әрбіреуі  іштей  лексикалық-грамматикалық  белгілеріне 
қарай тағы да жіктеледі. Мәселен, атауыш сөздердің өздері өзара есімдер және 
етістіктер болып бөлінсе, есімдердің  өзі атауыш  есімдер және үстеуші  есімдер 
боп  екі  салаға  ажыратылады.  Ал  атауыш  есімдер  зат  есім,  сын  есім,  есімдік 
болып  ажыратылса,  үстеуші  сөздердің  өзі  іштей  үстеу  сөздер  дәне  еліктеуіш 
сөздер болып сараланады. 
 
Атауыш  сөздерге  қарама-қарсы  сөздер  тобы  –  көмекші  сөздер.  Көмекші 
сөздер  тобына  әр  түрлі  тілдердегі  жалғаулықтар,  демеуліктер,  септеулік 
шылаулар,  көмекші  етістіктер  енеді.  Көмекші  сөздердің  кейбіреулері  сөз  бен 
сөзді  немесе  сөйлем  мен  сөйлемді  байланыстырса,  қайсыбіреулері  тіркескен 
сөзіне  әр  түрлі  грамматикалық  мағына  үстейді.  Демек,  олардың  лексикалық 
жағынан  гөрі грамматикалық жағы басымырақ болады. Олардың бірсыпырасы 
логикалық ұғымды білдіре алмайды. 


 
31 
 
Сөздердің осы екі түрінің аралығынан орын алатын сөздер тобы мыналар: 
есімдік, сан есім және одағай сөздер. 
 
Сөздердің жоғарыда  аталған типтерімен бірге  фонетикалық  варианттары 
және морфологиялық варианттары бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет