Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет36/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95
       7-жаттығу.  1.  Төмендегі  үзінділерден  мағынасы  кеңейген  я  тарылған 
сөздерді  теріп  жазып,  сөз  мағынасындағы  мұндай  өзгерістердің  себебін 
ашыңыздар. 
 
        1.  Отбасының  қуанышын  қызықты  өткізу  үшін  дастарқан  мәзірін 
дайындаумен  қатар,  тойдың  мазмұн  жағы  ойластырылады.  2.  Тойды  ұзақ  есте 
қалдыру  үшін  айтылған  тілектермен  орындалған  әндерді  магнитофонға  жазып 
алу жағы күні бұрын ескеріледі. 3. Тілек бұрышы той өтетін залдың кіре беріс 
жағынан  оңашаланған  бір  ыңғайлы  орынға  әдемі  етіп  безендіріледі.  4.  Тілек 
жазу  альбомы,  қаламсап  үстел  үстіне  қойылады.  5.  Сол  сияқты  кейбір 
отбасылары той көріністерін суретке, видиофильмге түсіріп алып, есте қалдыру 
жайын ойластырады. 6. Егер әлде бір жағдаймен келе алмаса жеделхат арқылы 
да құттықтауға болады. 7. Сонан соң асаба сайлап, қалған билікті соның қолына 
береді.  8.  Зейнеткерлікке  шығарып  салған  кезде  шопандарға  ат  мінгізіп,  басқа 
да  бағалы  сыйлықтар  беріліп  жүр.  9.  Жаңа  пәтерге  көшу  –  әулеттегі  ең 
қуанышты  кезең.  10.  Қонақтарды  дастарханға  үй  бибісі  шақырады.  11. 
Меймандықтың  аяғына  дейін  отырсаңыз,  үй  иелерімен,  басқалармен  бірдей 
қоштасып, жақсы өткізген кешіңіз үшін ризашылығыңызды білдіру керек. 
2. «Лексикалық единица» - дегенді қалай түсінесіз? 
3. «Аяулы» деген сөздің синонимін табыңыз және оған сөйлем құраңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет