Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Сөз  мағынасының  өзгеру  себептері  мен  ауыспалы  мағынада



Pdf көрінісі
бет30/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95
Сөз  мағынасының  өзгеру  себептері  мен  ауыспалы  мағынада 
қолданылу  тәсілдері.  Сөздің  әртүрлі  мағынаға  ие  болуы  сөз  мағынасының 
өзгеруі,  ауыспалы  мағынада  қолданылу  нәтижесінде  іске  асады.  Енді,  сөз 


 
32 
мағынасының  өзгеруінің  себептері  мен  мағынаның  ауысу  тәсілдері  туралы 
мәселелерге тоқталайық.  
Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі 
себебі бар: 1) сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері; 
2) тілдік немесе лингвистикалық себептер.  
Қоғамның  даму барысында жаңадан танылған заттар мен құбылыстарды 
тілде  сөзбен  атау  әр  түрлі  тәсілдер,  соның  ішінде  сөз  мағынасының  өзгеруі, 
жаңа  мағынаға  ие  болуы  арқылы  да  іске  асады.  Сөз  мағынасының  өзгеруіне, 
оның  жаңа,  қосымша  мағынаға  ие  болуына  әсер  ететін  сыртқы  себептер, 
негізінен алғанда, - міне, осылар. 
Сөз  мағынасының  ауысуы,  келтірінді  мағынада  жұмсалуы  әр  түрлі 
тәсілдер  арқылы  жүзеге  асады.  Сөздің  ауыспалы,  келтірінді  мағынада 
қолданылуы бірде метафора мен метонимия тәсілі арқылы болса, бірде қызмет 
бірлігі  мен  синекдоха  тәсілдері  арқылы  болады.  Енді  осы  тәсілдердің 
әрқайсысына тоқталайық. 
Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, 
түс,  қимыл  ерекшелігінің  ұқсастығына  негізделеді.  Белгілерінің  ұқсастығына 
қарай  бір  заттың  не  құбылыстың  атауы  мен  аталуының  негізінде  сөз 
мағынасының  ауысуы  метафора  деп  аталады.  Метафораның  негізінде  туған 
келтірінді  мағына,  әдетте,  сөздің  сөздіктегі  мағыналық  мазмұнына  еніп,  оның 
туынды  мағыналарының  бірі  ретінде  қаралады.  Мысалы,  істің  төркіні, 
мәселенің  төркіні,  сөздің  төркіні  дегендердегі  төркін  мен  қыздың  төркіні 
дегендегі төркін сөзін салыстырсақ, соңғы мысалда бұл сөз «қыздың ата-анасы, 
туған-туыстары»  дегенді  білдіреді  де,  алдыңғы  мысалдарда  «түп  негізі,  тегі, 
сыры, мәнісі» дегенді білдіреді. 
Метонимия.  Бір  заттың  немесе  құбылыстың  атауының  екінші  затқа  не 
құбылысқа олардың (заттардың не құбылыстардың) өзара іргелестігі, шектестігі 
негізінде  атау  болып  ауысуы  және  осыған  орай,  сөздің  ауыспалы  мағынада 
жұмсалуы метонимия деп аталады. Мысалы, Үйі мәз боп, қой сойды,  сүйіншіге 
шапқанға  (Абай)  деген  сөйлемдегі  үйі  деген  сөз  өзінің  негізгі  мағынасы  – 
«баспана»  дегенді  емес,  «бір  үйдің  адамдары,  үй  іші,  семья»  дегенді  білдірсе, 
Дәрі  қосқан  аяқты  ішкеннен  соң,  Әзім  барып  жығылды  шалқасынан  (Абай) 
деген сөйлемде аяқ сөзі «ыдыс» дегенді емес,  «сусын, сұйық» деген мағынаны 
білдіреді.  
Синекдоха.  Бүтіннің  орнына  бөлшекті,  жалпының  орнына  жалқыны 
(дараны),  үлкеннің  орнына  кішіні  қолданудың  негізінде  сөз  мағынасының 
ауысуы синекдоха деп аталады. Мысалы, кейде,  Отбасыңда неше адам бар? – 
деудің  орнына  басың  нешеу?  –  дейміз.  Бұл  арада  бас  сөзі  бөлшек  ретінде 
(адамның  дене  мүшесі)  бүтіннің  орнына  (адам)  қолданылып  тұр.  Кейде  мал 
дегеннің  орнына  тұяқ  (бөлшек  ретінде)  сөзі  қолданылады.Мысалы,  4-5 
тұяғымыз бар дегендегі тұяқ сөзі малдың тұяғы деген тіркестегі өзінің негізгі 
мағынасынан алшақтап, басқа бір мағынаны – «мал» дегенді білдіреді. 
Қызмет бірлігі бойынша аталу. Метафора құбылысында заттардың тұлға 
(форма), түр-түс ұқсастығы негізге алынса, функционалды ауысуда заттар мен 
құбылыстардың  атқаратын  қызметтерінің  бірлігі  немесе  ұқсастығы  негізге 


 
33 
алынады. Бұл ретте аталатын заттар тұлға, түр-түс, т.б. жағынан мүлдем басқа-
басқа болуы мүмкін; ең бастысы – олардың қызметінде бірлік немесе ұқсастық 
болса  болғаны.  Мысалы,  осы  күнгі  қаламның  қызметін  алғашқыда  құстың 
қауырсыны  атқарған.  Орыс  тіліндегі  перо  –  «қауырсын»  бұл  күнде  «темір 
қаламұштың» аты болып ауысты. Қазір «темір қаламұштың» орыс тілінде перо 
(«қауырсын»)  деген  сөзбен  аталуы  бұл  екеуінің  («қаламұш»  пен 
«қауырсынның») атқаратын қызметінің бірлігінен. Екеуі де жазу құралы. 
Сөз ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылу арқылы мағыналық жақтан 
түрленіп,  өзгеріп  отырады.  Ауыспалы,  келтірінді  мағынада  қолданылған 
сөздерде астарлы бейне, тартымды образ жатады. Сөздерді келтірінді мағынада, 
бейнелі түрде қолданыла білудің көркем шығарма тілінде өте-мөте маңызы зор. 
Сөздің  ауыспалы  мағынада  қолданылуға  икемділігі  оның  мәнерлеуші, 
бейнелеуші  қасиетін  көрсететін  белгі  болып  саналады.  Егер  сөздер  келтірінді 
мағынада,  бейнелі  түрде  қолданылуға  икемсіз  болса,  олардың  мәнерлеуші, 
бейнелеуші  қасиеті  болмаса,  онда  көркем  туындылар  жасауға  мүмкіндік 
болмаған болар еді, демек, көркем сөз стилі туралы сөз де болмаған еді. 
Сөздің лексикалық мағынасы заттың, құбылыстың нақ өзі болмағанымен, 
ұғым  арқылы  түсірілген  солардың  бейнесі  деп  есептеледі.  Сондықтан  сөздің 
мағыналарын  саралағанда  ең  алдымен  оның  ең  алғашқы  негізгі  мағынасын 
табуға  тырысады.  Сөздің  негізгі  мағынасы  айтушы  мен  тыңдаушыға  ортақ 
нақты заттық ұғымды білдіреді. Нақты заттық ұғым сөз арқылы сөйлемде өзге 
сөздермен  ешбір  қарым-қатынасқа  түспей-ақ  статикалық  күйде  ұғынылады. 
Бұлар  шындық  өмірдің  көрінісі  ретінде  белгіленеді.  Сөздің  нақ  осындай 
мағынасы  әдетте  лексикалық  мағына  деп  аталады.  Сөздің  лексикалық 
мағынасы, негізгі мағынасы, тура мағынасы деген сөздер өзара синоним ретінде 
жұмсалады. Сөздің нақтылығынан гөрі жалпылық қасиеті басым. Сондықтан ең 
алдымен адамның есіне сөздің жалпы мағынасы түседі.  
 
Сөздің  жалпы  мағынасымен  қоса,  нақтылы  мағынасы  болады.  Сөздің 
нақтылы мағынасы белгілі контексте айқын көрінеді. Мұндай мағынаны сөздің 
қосымша  мағынасы  немесе  туынды  мағынасы  деп  те  атауға  болады.  Сөздің 
туынды мағынасы оның негізгі номинативті мағынасы арқылы, соның негізінде 
түсінділеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет