Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет38/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95
        9-жаттығу.  1.  Сөйлемдерден  бір  мағыналы  және  көп  мағыналы  сөздерді 
тауып,  көрсетіңіз.  Олардың  ішінен  ауыспалы  мағынада  қолданыла  келе,  көп 
мағыналы сөзге айналған сөздерді атап түсіндіріңіз. 
          1.  Егер  әкелген  малын  азырқанса  немесе  мал  басынан  кемістік  тапса, 
әкелген  малын  алмай,  күйеуді  кейін  қайтарып  жіберуге  хақылы.  2.  Тамырлар 
қонақ  болып  түскенде,  заттан  әлде  малдан  ұнатқан  қалауын  сұрайды.  3.  Осы 
кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген.  
/Қазақ халқының салт-дәстүрлері/. 
4. Жерің ала болды, 
Бұлтың шала болды. 
 
5. Аймен амалдас емеспін, 
Күнмен күмәндас емеспін. 
 
6. Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен? 
Жеті атасын жетектеп жүрген бар ма екен? 
7. Қара нарға қалы кілем жауып бердім, 
Арғымақ жылқының асылын тауып бердім. 
 
8. Сырын білмей сыр айтпа, 
Не деспесті біліпсің. 
Қабырғадан қар жауса, 


 
39 
Атан сүйрер дөңбекті. 
 
9. Сөз анасы құлақ, 
Су анасы бұлақ. 
Жол анасы тұяқ!  
 
10. Жері сортаң, суы ащы, 
Жер сорлысы сонда екен. /104-бет/. 
«Шешендік сөздер» 
2. Грамматикалық мағына деген не? 
3.  «Шеш  көңілімнің  жұмбағын»  деген  сөйлемдегі  сөздердің  мағыналық 
ерекшеліктерін тауып көрсетіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет