Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет35/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95
        6-жаттығу.  1.  Төмендегі  сөйлемдерден  ауыспалы  мағынада  қолданып 
тұрған сөздерді табыңыздар. 
 
        1.  Ел  аузындағы  аңызға  қарағанда,  Байдалы  шешен  бай  бола  алмапты.  2. 
Дүние құрастырып, дәулет жинауға, сірә, ол кісінің қолы тимесе керек. 3. Бірақ 
бай  болмағанымен,  кедейлікке  бас  иіп,  құл  да  болмапты.  4.  Ол  ақылын  азық, 
асыл  сөзін  сусын  етіп,  дүниеден  өткен  адамдардың  бірі  екен.  5.  Ел  ішіндегі 
ауыр  хал  мен  хан  өкілдерінің  озбырлығын  айтып,  Жетес  шешен  Әбілхайыр 
ханға  бірнеше  рет  барады.  6.  Бірақ  хан  сөзге  құлақ  аспайды,  елдің  тұрмысын 
жеңілдету  қамын  ойламайды.  7.  Қыпшақтың  жас  болыс,  билері  келіп,  оның 
көңілін сұрап, қолын алмайды. 8. Шиелі жеріндегі арғын Әйтеке болыс қыпшақ 
елінің  бір  қанатын  билеп  тұрады  екен.  9.  Шаруасы  төмен  кедей  болғанымен 
өткір  тілді,  қисық  істі  көргіш  әділ  шешен  Ыбырайды  халық  қатты  сыйлайды 
екен. 10. Бір жылы қыс ішінде орта жүзде бір ұлы жиын болып, әр елге сауын 
айтылады. 11. Көңіл айтып жұбатқандардың сөзін құлағына ілмепті. 
2. Сөздің көп мағыналығы деген не? 


 
37 
3. «Жақсы» деген сөздің антониміне бірнеше мақал жазыңыз және ол мақалдың 
мағынасын түсіндіріңіз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет