Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Дыбыстардың акустикалық тұрғыдан мінездемесі



Pdf көрінісі
бет4/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Дыбыстардың акустикалық тұрғыдан мінездемесі. Акустика (грекше) 
–  «естілу»  деген  мағынаны  білдіреді.  Акустикалық  тұрғыдан  алғанда,  дыбыс 
қандай  да  болсын  бір  дененің  белгілі  бір  ортада  теңселіп  қозғалуының 
нәтежесінде  пайда  болып,  құлаққа  естіледі.  Акустика  дыбыстың  мынадай 
белгілерін  ажыратады:  дыбыс  ырғағы,  дыбыс  күші,  дыбыс  әуені,  дыбыстың 
созылыңқылығы. 
 
Дыбыс  ырғағы  уақыт  мөлшерінің  (секунд)  ішіндегі  дірілдің  санына 
байланысты  болады.  Дірілдің  саны  неғұрлым  көбейсе,  дыбыс  ырғағы  да 
соғұрлым өсіп, күшейеді және керісінше. Адамның құлағы 1 секунд ішінде 16-


 

дан  20  мыңға  дейінгі  дірілдің  нәтижесінде  пайда  болған  дыбысты  қабылдап 
ести алады. 
 
Дыбыс  күші  дірілдің  қарқынына  байланысты  болады.  Егер  дірілдің 
қарқыны көп болса, дыбыс күші де соғұрлым күшейе береді.  Сөйлеуде дыбыс 
күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі. 
 
Дыбыстың  созылыңқылығы  дірілдің  санымен  қоса  дыбыстың  созылу 
уақытына  байланысты.  Орыс  тілінде  екпін  түскен  буындағы  дауысты  дыбыс 
созылыңқы болады (басқасына қарағанда). Көптеген тілдерде, мысалы, қырғыз, 
ойрат,  түрікмен,  хақас,  тува,  т.б.  тілдерінде  екпін  созылыңқылығы  дауыстыға 
ды, қысқа айтылатын дауыстыға да түсе береді. 
Дыбыс  әуені  туралы  мәселе  дыбыс  дірілінің  түрлерімен  байланысты. 
Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы күрделі болады. Ол негізгі тон 
мен бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалады.  
 
Дірілдің  өзі  түрліше  болады.  Дірілдің  ритмикалы  және  ритмикалы  емес 
деп  аталатын  түрлері  бар.  Ритмикалы  өзгермей,  тұрақты  болса  (1  секунд 
ішінде), ритмикалы емес дірілде – дірілдің саны өзгереді. Ритмикалық дірілдің 
нәтижесінде тон жасалып пайда болады. Бұған сөйлеу кезінде ауыз қуысы мен 
мұрын қуысы толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. 
Ритмикалық  емес  дірілдің  нәтижесінде  салдыр  пайда  болады.  Бұған  дыбыс 
мүшелерінің  біріне-бірінің  жуықтасып  тұруынан  жасалған  дыбыстар  жатады. 
Ритмикалы діріл болса, музыкалы тонның пайда болуына әкеледі. 
 
Дауысты  дыбыстарға  тән  акустикалық  ерекшелік  –  оларды  музыкальды 
тонның болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет