Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет7/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95
4-жаттығу.  1. Төмендегі билердің аттарын алфавит ретімен жазыңыздар. 


 

...  Шапыраштыдан  Сұраншы  батырды,  Талғардан  Туғанбай  биді, 
Ботбайдан  Қарабай,  Диқанбай  билерді,  Сарыүйсіннен  Сары  биді,  Қасқараудан 
Байғазы, Көбекбай билерді, Сәмбеттен Дәуітәлі биді шақырыпты... Сиқымдар: 
«Шомай би барсын», - дейді... . Матай жағынан Құнанбай, Құсбек төре, Тәнеке 
би сияқты  орта жүз адамдары  сәлем беріседі. Он екі  атаға тарайтын Жалайыр 
елінде  Балпық  би  деген  кісі  болған.  Тоғас  би  Едіге  биді  тағы  да  қонаққа 
шақырыпты.  Бірде  Құнанбай,  Алшынбай,  Мұса  ел  жинап,  мәслихат  өткізбек 
болады.  Жанқұтты  он  жеті  жасында  әкесінің  айтуымен  Сарым  елінің  беделді 
биі Шабанбайға бата алуға келеді. 
2. Құсбек, Едіге, Жанқұтты сөздерін пайдаланып сөйлем құраңыздар. 
3. а) мәслихат деген сөзде неше дауысты дыбыс бар? 
    ә) жолбарыс сөзінде неше әріп бар? 
    б) төңкеріс деген сөзде неше жіңішке дауысты дыбыс бар?  
 
       5-жаттығу.    1.  Төмендегі  сөйлемдерден  бас  әріппен  жазылған  сөздерді 
теріп жазыңыздар. 
       Күндердің  күнінде  елдің  шығыс  жақ  шетіне  келіп  ту  тігіп,  бес  жүз  қолмен 
Найман  Барақ  батыр  Жалайыр  еліне  жаушы  жібереді.  Көңілім  тоймай  тұрған 
себебі – біріншіден, мына жатқан сіздің қалың қол «Сәмен ұранды»  - Сыпатай, 
Андас,  Тойшыбек,  Бейсейіт  батырдың,  не  «Қарасай  ұранды»  -  Кәшке,  Қараш, 
Сұраншы  Саурық  батырлардың  аулының  сыртында  ту  тігіп  жатуға  лайық  қол 
ғой.  Құрмысы  Табынбайұлы  –  1741  жылдары  Солтүстік  Қазақстан  облысы 
Приишим ауданында туған. Руы Атығай одан Андағұл болып тарай  ды. 
Құрмысы  Шоқанның  атасымен  тұстас  екен.  Ұлы  жүз  құрамындағы  Дулат 
тайпасының Шымыр одан Бекболат, Жиенбет, Сәмбет, Мәмбет тарайды. Байзақ 
датқа  сайланған  алғашқы  жылдар  екен.  Бәйтеке  батыр  жерге  қарап  отырып 
қалады.  Осы  келген  жолында  Уәли  мен  Халықтан  екі  ат  алады.  Сол  уақытта 
Үйсін ішінде Жапыс, оның ішінде Қасқарасу жайлаған. 
2. Фонема дегеніміз не? Дыбыс пен фонеманың байланысы қандай? 
3.  Жетісу,  Көкшетау,  Атығай,  Найман,  Құрмысы,  Байзақ  дат,  Уәли,  Андағұл 
сөздерін бастауыш етіп сөйлем құраңыздар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет