Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет9/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95
Бақылау сұрақтары: 
 
1 Тіл дыбыстарының классификациясының принциптері қандай? 
 
2 Дауысты дыбыстардың классификациясын көрсетіңіз. 
 
3 Дауыссыз дыбыстардың классификациясына тоқталыңыз. 
 
        1-жаттығу.  1.  Төмендегі сөйлемдерден жуан дауысты дыбыстарды 
тауып, астын сызыңыздар. 
        Әйтеке  Бәйбекұлы  (1683-1722  жж.)  Кіші  жүзден  шыққан  қазақтың  атақты 
шешен  биі.  Қазақ  шежіресінде  Жанарыстың  бір  аталарынан  Алшын  одан 
Сарыбас,  Пұсырман,  Шіңгір,  Төртқара  шығады.  Төртқарадан    Қарашы  одан 
Сейтқұл.  Сейітқұлдан  сегіз  бала  болған.  Соның  бірі  кезінде  Самарқанды 
билеген  Жалаңтөс  батыр  еді.  Әйтеке  сол  Жалаңтөстің  немересі,  Ақшаның 
үшінші  баласы  Бәйбектен  туған.  Ақша  Жалаңтөс  батырдың  әкесі  бір,  шешесі 
бөлек туысы екен. 
       Әйтекенің  шыққан  тегі  жөнінде  тағы  бір  шежіре  бар.  Оны  Қызылорда 
облыстық  тарихи  және  мәдениет  қоғамның  төрағасы  Шайхислам  Серікбаев 
жазыпты:  «Әлімнің  алты  баласының  біреуі  Қарамашақ.  Одан  Оразгелді,  Ораз, 
Жаншұқыр, Қараш деген төрт бала туады. Қараштан екі бала – Ақпан, Тоқпан. 
Тоқпаннан үш бала  – Тоғамыс, Шобан, Сейітқұл. Сейітқұлдың бәйбішесінен  – 
Сейітмәмбет,  Төлеш,  Ақша,  тағы  бір  әйелінен  Жалаңтөс,  Дүйсенбай,  МАтай, 
Түрікмен,  Қоян  туады.  Бұларды  «сегіз  Сейітқұл»  дейді.  Ақшадан  алты  бала  – 
Шал,  Бәйбек,  Қонысбек,  Жоламан,  Бекпенбет,  Бөкенші  туады.  Бәйбектен  үш 


 
13 
бала  –  Кешубай,  Қашқын,  Әйтеке  тарайды.  Бұл  шежірелер  әлі  де  болса, 
салыстыра, анықтай түсуді керек етеді». 
2. Дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 
3.  Мәтіннен  он  сөз  жазып,  сол  сөздердің  қайсысында  У  әрпі  дауысты 
дыбыстың,  қайсысында  дауыссыз  дыбыстың  таңбасы  екенін  ажыратып 
айтыңыздар. 
      Әлім  ауылының  бір  аяулы  қариясының  кенже  баласы  жауменен  шайқас 
кезінде найзаға  ілігіп  мерт болады. Сонда көңіл  айтуға батылы бармай  тұрған 
көпшілікті Әйтеке би бастап барып, әлгі қарияға: 
                          Суалмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бұлақ жоқ, 
Тамыры суда болса да, 
Уақтысы жеткенде, 
Қуармайтын құрақ жоқ. 
Дүние деген фәни бұл, 
Панасы жоқ, тұрақ жоқ. 
Баласы жоқта мият жоқ. 
Бәрінен де сол қиын, 
Түнде жанған шырақ жоқ, 
Артта қалған тұяқ жоқ, 
Шүкіршілік етіңіз, - 
дегенде, ол кісі: «Әйтекембісің»- деп басын көтеріпті деседі ел (Әйтеке би). 
 
       2-жаттығу.  1.    Төмендегі  сөйлемдерден  жіңішке  дауысты  дыбыстарды 
тауып, астын сызыңыздар. 
       Әйтеке бидің қай ауылда, қай жылы туғаны әзірше анық емес, әркім әртүрлі 
жазып  жүр.  Қазақ  Кеңес  энциклопедиясының  1-томында:  «Айтық,  Әйтеке-
Әбілқайыр  ханға  дейін  Кіші  жүзді  басқарған  би.  Есім  ханның  тұсында 
Самарханды билеген атақты Жалаңтөс батырдың немересі» деп көрсетілген. Ел 
аузында  айтылып  жүрген  бір  шеджіре  –  аңызда  Қаражігіт  би  Ташкент 
шаһарының  қасындағы  Келес  өзені  бойында  туған.  Ташкентті  билеген  Төле 
биден  18-19  жастай  кіші  еді  дейді.  Бұл  дерекке  қарасақ  Әйтеке  би  1681-82 
жылдары  туылған  боп  шығады.  Ш.Серікбаевта  жоғарыдағы  мақаласында 
Әйтеке биді 1683 жылы туылған деп жазыпты. 
       Ал,  Әйтеке  би  жөнінде  белгілі  жазушы  Әбіш  Кекілбаев  өзінің  «Егеменді 
Қазақстан»  газетінің  арнайы  тапсыруы  бойынша  жазған  «Әйтеке  би»  атты 
мақаласында жан-жақты зерттеп толғана отырып, Әйтеке би қақында көптеген 
жайларды анықтай түскен. 
2. «Ә» әріпі қандай сөздерде сөздің соңғы буынында жазылады? 
3.  Мәтіндегі  сөздердің  құрамындағы  дауысты  дыбыстарды  теріп  жазып, 
әрқайсысының артикуляциялық қасиеттерін көрсетіңіздер. 
    Шежіре, Жалаңтөс, Қаражігіт 
Е – жіңішке, езулік, ашық, жалаң 
І – жіңішке, езулік, қысаң, жалаң 
А – жуан, езулік, ашық, жалаң 


 
14 
Ө- жіңішке, еріндік, ашық, жалаң. 
 
 
        3-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқып, сөздердегі үнді дауыссыздардың астын 
сызыңыздар және түсіндіріңіздер. 
       Қазақ  шежіресінде  бес  Байжігіт  жіктеледі.  Олардың  бәрі  шетінен  би, 
шешен,  ақын,  жырау,  күйші  болыпты  делінеді.  Ал,  Қазақ  Кеңес 
энциклопедиясында  екі  Байжігіт  аталады.  Бірі  –  Сіргелі  тайпасынан  шығады. 
Ол  Байжігіттен  Амалдық,  Көшімбай,  Келімбет,  Оразымбет  ұрпақтары  
таралады.  Екіншісі  –  Найман  тайпасына  жататын  ру.  Байжігіттерді  жіктеп 
беретін  тағы  бір  дерек  бар.  Ол  халық  саз-аспаптар  музейінің  аға  ғылыми 
қызметкері. Омар Қаймолдаұлының талдауы. Ол былай жазады: 
       «Біріншісі  –  «Ұлыс  биі»  атанған,  Байыс  қызы  Ақмақта  ақыннан  туған  екі 
ұлдың бірі Байжігіт. Нағашы жұрты Төлетайдың Төртуыл тайпасының тізгінін 
ұстаған  биі.  Ержеткенде  әкесіне  еріп  Ташкент,  Хиуа,  Хорезм,  Самарқанд 
маңында ірге тепкен. Үрім-бұтағы осы күні бар». 
2. Жасалу орнына қарай дауыссыздар нешеге бөлінеді? 
3. «У» әрпінің  емлесін түсіндіріп, талдау жасаңыздар. 
 Мысалы: жырау – талдауы – Хиуа. 
 
        4-жаттығу.  1.  Көп  нүктенің  орнына  е,  ш  әріптерінің  тиістісін  қойып 
жазыңыздар.  
 
        Еркін...і...і  –  «Қара  таңдай»  атанған    ...е...ен  Байжігіт  қызай  хандығының 
ақыл...ы биі. 
        Ү...ін...ісі  –  «Суырыпсалма»  атанған  Байжігіт  Ұбай  ұлы,  уақ  ұлысынан    ... 
ыққан жырау. 
        Төртін...і...і  –  «қо...  жетім»  атанған,  ХҮ  ға...ырдағы  бе...  жа...ар  бала,  ел 
аралар күн көрген, өнерлі Байжігіт. 
        Бе...ін...і...і  –  ХҮІІ  ға...ырда  Көрпебай  Батыр  ба...таған.  «Бе...  қа...қа» 
атанған бе... батырдың бірі Байжігіт Ры...петек ұлы. 
        Алтын...ы...ы  –  ұлы  Абайдың  заманда...ы,  қа...қа,  «жорға»  атанған  ХІХ 
ға...ырдағы  Байжігіт  Сүйіндік  ұлы,  Абылайдың  «Тоғыз  тарау,  тоқ...ан  толғау» 
атты күйлерін әйгілеп, мадақ тұтқан домбыра...ы. 
        Жетін...і  –  «Қо...  мі...кер»  атанған  ...еберлер,  домбыраны  бітеу  аға...ты 
қуы...тап  ...абатын  ағайынды,  жол  жорғалы  Байжігіт  және  Ержігіт  Мұ...абек 
ұлдары...» 
        Байжігіт  бидің  әділ  билік,  адалдық  жөнінде  айтқан  терме,  толғау, 
нақылдары  жинақтала  қоймаған.  Ел  аузында  айтылып  жүрген  бірлі  жарымы 
мыналар: 
 
Қара...а үй екен деп, 
Көп ауылдан қа...паңыз. 
Тама...а үй екен деп, 
Бай отауына қадам ба...паңыз. 
 


 
15 
Құм ү...тінде ине ...абақтама, 
Тү...іп кет...е табылма... 
Қонған үйді бір күнде адақтама, 
Қоналқы ертеңге табылма. 
2.  Дауыссыз  дыбыстар  жайында  не  білесіздер?  Олар  қалай  бөлінеді?  Толық 
талдау жасаңыз. 
3. «Бай» сөзіне талдау жасап, антонимін атаңыздар. 
 
       5-жаттығу.  1. Сөйлемдерді көшіріп, сөздердегі қатаң дауыссыздарды 
сызыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет