Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет54/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95
        35-жаттығу. 1. Мәтінді көшіріп, омоним сөздердің астын сызыңыздар. 
 
Жеті атаны білу елді бөле ме, әлде біріктіре ме? 
Соңғы  жылдары  ел  арасында  шежіре  шығару,  әр  тайпаның,  рудың 
батырларын, билерін, бақсы-балгерлерін анықтап, той  өткізу,  ат шаптырып,  ас 
беру дәстүрге айналып барады. Тіпті, артта қалған өнегелі қасиетті белгілі ерлік 
істері  болмаса  да  ата,  ру  атына  ие  болған  адам  құрметіне  жұрт  жинап, 
жинағанда да көбінесе, өз аталастарын, руластарын, баталасу да белең көрсете 
бастады.  Мұның  өзі  ат-тонымызды  ала  қашатын  рушылдық  иесін  аңдыта 
түскендей әсер қалдырады. 
 
Қазақ  халқының  жерін  қорғап,  тәуелсіздігі  үшін  қол  бастаған,  тіпті  сол 
жолдың  құрбаны  болған  батырлар,  жол  көрсеткен  билер,  сұлтандар  жөні  бір 
бөлек. Рас, олардың қай-қайсысы болса да белгілі бір ру, тайпадан шыққандығы 
даусыз.  
Шапырашты  Наурызбайды,  қаракерей  Қабанбайды  -  бүкіл  қазақ  халқы 
өзінің  ұлттық  батырлары  ретінде  ардақтайды.  Мұнда  қаракерей,  шапырашты 
олардың ру аттары немесе қазіргі тілмен айтқанда фамилиялары екендігіне көп 


 
50 
жұрт  онша  назар  аудармайды,  рушылдықты  көре  алмайды.  Бұл  бір  жағынан 
дұрыс та.  
Ресей  мұрағаттарында  азды-көпті  із  қалып,  кейінгі  сұрар,  іздер  ұрпағы 
бар ұлы бабаларымыз жайында баспасөзде мақалалар жазылып, теледидарларда 
хабарлар  беріліп,  кітаптап  шығарылып,  тойлар  өткізіліп,  еске  алынып 
жатқандығына да шүкір.  Алайда, Ресейден шалғай жатқандықтан, кіші жүзбен 
орта  жүзге  қарағанда  осы  патшалық  империяға  130  жылдан  кейін  қосылған 
Оңтүстік Қазақстан жайында мұны айту қиын. Рас, күнгей атыраптан исі қазақ 
баласына түгел белгілі,  Алатаудай алып тұлғалы Төле би ғана соңғы жылдары 
қалың халық құрметіне бөлене бастады. 
 
2. Омонимдер қандай тәсіл арқылы жасалады? 
3. Омонимдердің лексикология іліміне қатысы қандай? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет